Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан аса киік мүйізі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқандарды ұстады.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электрон таразылар және екі автокөлік тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!