- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында қаяз...
Қызылорда облысында қаяз балығын аулағандар ұсталды
Қызылорда облысында қаяз балығын аулағандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Шіркейлі арнасынан қаяз балығын аулап жүрген төрт адамды ұстады. Түн жорытып, инспекторларға тұтылған табиғат қаскөйлері заңмен тыйым салынған синтетикалық моноталшықты ау құралын пайдаланған.
Тінту барысында олардан тағы үрмелі қайық, қапқа салынған жайын, сазан және көксерке балықтары тәркіленді. Жалпы жыл басынан бері облыс көлемінде осындай 329 дерек тіркеліп, браконьерлерге 6 миллион теңгедей айыппұл салынды. Су маржанын заңсыз сүзген қаскөйлерге тосқауыл болу үшін табиғат қорғаушылары полициямен бірігіп су айдындарына рейдке шығуды жиі, әрі ауқымды түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
"Бұл дерек бойынша полиция департаментіне ҚК 335-бабы бойынша тапсырылды. Қармақпен аулауға болатын балық адам басына 5 келіден аспайтын. Егер де қармаққа қызыл кітапқа енген қаяз тәріздес балықтар түсіп жатса, сол заматта жіберу керек қайтадан табиғи ортасына", - дейді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Берік Досов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина