Қызылорда облысында қатты тұман салдарынан малшы жоғалып кетті

Қызылорда облысында қатты тұман салдарынан малшы жоғалып кетті
Фото: Видео кадры

Қызылорда облысында малшы далада түнеп шыққан. Ол адасып, қайтар жолды таба алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысы Сырдария ауданында 1967 жылғы ер адам таңертең мал бағуға шығып, қайтып оралмаған.

"Телефон арқылы ол қатты тұман салдарынан жергілікті жердегі бағдарын жоғалтқанын және адасып қалғанын хабарлай алды. Құтқарушылар дереу іздеуге шықты", - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ күштері бүгін таңертең ауа райының қолайсыздығына қарамастан ер адамды "Бимағамбет" шаруа қожалығынан алыс емес жерде тауып алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова