Қызылорда облысында жүк көлігі түгі қалмай өртенді

Қызылорда облысында жүк көлігі түгі қалмай өртенді
Фото: ТЖМ

Қызылорда облысында жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін түнде Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде болған.

"ТЖМ өрт сөндірушілерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында көліктегі өрт толығымен сөндірілді", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова