Қызылорда облысында 17 жастағы тұрғын жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 4 мамырда Шиелі кентінде 17 жастағы тұрғын Toyota автокөлігінің рөліне ие бола алмай, жол апатын жасаған. Жол апаты салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған үшеуі жарақат алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!