- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында жасөспірімдер...
Қызылорда облысында жасөспірімдер құрдасын өлтірді деген күдікке ілінді
Қызылорда облысында екі жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады.
"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер айтылмай отыр. Іс Қызылорда облысының полиция департамениі бастығының бақылауында.
Қайғылы оқиға 18 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауыл округтерінің бірінде болды. 9 және 11-сынып оқушылары төбелесіп қалған. Соққыдан жасөспірімдердің бірі құлап, есін жоғалтқанү
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан