Қызылорда облысында жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылғы 22 маусымда Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық істі тіркеп, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сәйкес қылмыстық істің қаралу барысы жарияланбайтынын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде 15 жастағы баланың он шақты жасөспірімнің көзінше өлтірілгені хабарланған еді. Сондай-ақ жергілікті жастардың "өзіндік тәртіп орнатқаны" айтылды. Облыстық полиция бұл ақпаратты растамады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!