Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, сегізі жарақат алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, жол апаты 24 қыркүйек Қызылорда облысының Шиелі ауданында ауыл арасындағы жолда болған.
Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.