Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды

Қызылорда облысында жол апатынан бес адам мерт болды. Жол апатына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан