Қызылорда облысы Самара - Шымкент тасжолында жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Elitar.kz.
Қызылорда облысы ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 3-те "Самара-Шымкент" тасжолының 1713-шақырымында, Жалағаш ауданы Таң ауылы маңында екі жеңіл көлік соқтығысқан.
"1995 жылғы ер адам тізгіндеген Toyota Camry жеңіл автокөлігі мен 1980 жылы туған ер адам жүргізген Daewoo Nexia жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан автокөлік жүргізушілері мен Daewoo Nexia жолаушылары қаза болды. Оның ішінде 2012 және 2016 жылы туған екі бала көз жұмды", - деді облыстық ТЖД өкілі.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, "Жосалы" медициналық-құтқару пунктінен 4 қызметкер, 2 жедел жәрдем бригадасы, аудандық полиция бөлімінен 15 қызметкер барған.