- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында жантүршігерлік...
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза апаты
Қызылорда облысында рейстегі автобус пен автокөлік соқтығысты, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке слітеме жасап.
14 шілдеде Қызылордада Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Автобус Қызылорда - Қазалы бағытында қатынаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
ЖКО дерегі бойынша ҚР Қылмсытық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек