Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланған

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланған
Фото: @POLICE_of_KZ

Қызылорда облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамызда түнгі сағат 03:00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына түскен.

"Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды. ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

@POLICE_of_KZ

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан