Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
19 ақпанда "Самара-Шымкент" жолының 1767 -1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр.
Толық деректер анықталып жатыр.
Бұл дерек СДТБТ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!