Қызылорда облысында ер адам 21 жастағы әйелін ұрып-соғып, кейін қылмыс орнынан бой тасалаған. Жас келіншек қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде жас келіншектің айуандықпен өлтірілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Қайғылы оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауылдардың бірінде болғаны айтылған.
21 шілдеде үйден зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің денесі табылды.
Күдіктінің оқиға орнынан қашып кеткені және оған іздеу жарияланғаны хабарланды. Әлеуметтік желіде іздеуде жүрген жігіттің кім екені туралы да ақпарат тарады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын, оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!