- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында ер...
Қызылорда облысында ер адам әйелін қатыгездікпен ұрып өлтірген деген күдікке ілінді
Қызылорда облысында ер адам әйелін ұрып өлтірген деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат телеграмда пайда болды.
"Қызылорда облысында ер адам әйелін асқан қатыгездікпен өлтірген деген күдікке ілініп, қазіргі уақытта іздеу жарияланды. Егер бұл адамды көрген болсаңыздар полицияға хабарлаңыздар. Қылмыс Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында болған екен", - делінген телеграм арнада.
Бұл дерекке қатысты жергілікті Полиция департаменті пікір білдірді.
"Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды", - дейді ведомство өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина