Қызылорда облысында екі мұғалім түнгі клубқа барған. Білім басқармасы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түрлі БАҚ мәліметінше, екі мұғалім қысқы каникул кезінде Түркияға барып, трансвеститтерге арналған клубқа барып, артынша әлеуметтік желіге видео жүктеп жіберген.
Артынша Желіде резонанс туып, мұғалімдер жұмыстан қуылған. Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс жасаған мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы, 5 тармағына сәйкес өз арыздарымен жұмыстан босатылғандығын жеткіземіз", - делінген жауапта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!