- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында екі...
Қызылорда облысында екі бала уланып қаза болды
Қызылорда облысында екі бала газдан уланып қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үш және алты жасар екі бала газдан уланып, кейін қаза болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 11 қыркүйекте Шиелі ауданы Шиелі ауылында болған.
"Құтқарушылар оқиға орнына таңғы сағат 7:15-те жеткен, алдын ала мәлімет бойынша, жекеменшік тұрғын үйде табиғи газ шығып, 2017 және 2020 жылы туған балалар уланып қаза болған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға туралы басқа мәлімет айтылмады. Кішкентай балалардың ата-анасы оқиға кезінде қайда болғаны туралы мәлімет жоқ. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға газ плиталары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан