Қызылорда облысының прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізіп жатыр. Алғашқы тексеруден кейін-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кейбір мектептерде бейнебақылаудың "соқыр аймақтары" жойылмаған, жұмыс істемейтін бейнекамералар бар, салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді. Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген", - деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.
Ведомство сонымен бірге 26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің "Д" есебінде тұрғандар жұмысқа алғанын хабарлады.
Сонымен қатар педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!