- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында білім...
Қызылорда облысында білім беру саласының қызметкерлері 1 миллиард теңге жымқырған
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының білім беру саласының қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты "Жаңақорған ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – жас баланың асырауында болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина