Қызылорда облысында болған жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 14 желтоқсанда Қызылорда облысының Тереңөзек-Қызылорда тасжолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.
Жол апаты бойынша соталды тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!