Қызылорда облысында алкоголь өнімінің айналымы қағидасын бұзған кәсіпкер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 283-1-бабы 5-бөлігі бойынша құқықбұзушы И.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Заң бұзған И. есімді азамат кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азық-түлік дүкенінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз жалпы саны 80 дана сыра - алкоголь өнімдерін сақтап, айналымын жүзеге асырған.
Жауапты мекеме тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған әкімшілік құқықбұзушылық хаттама толтырылып, жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданған.
Заң бұзған кәсіпкер И. әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, алкоголь өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарсыз сақтап, сатқандығын мойындайтынын, жасаған әрекетке өкінетінін айтқан.
Сот қаулысымен құқықбұзушы И. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік құқықбұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын жалпы саны 80 дана сыра - алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркілене отырып, 129 220 теңге айыппұл салынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз