- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында 4...
Қызылорда облысында 4 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Қызылорда облысында көпқабатты үйдің терезесінен құлаған төрт жасар қыз ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төрт жасар сәби 2-қабаттан құлаған, қазір дәрігерлердің бақылауында. Оқиға 5 маусымда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында болған. Қыз үлкендердің қарауынсыз пәтерде жалғыз қалған.
"5 маусым күні сағат 13:14-те облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар қыз екінші қабаттан құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Жағдайы ауыр, ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аурухана да, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қыздың қазіргі жағдайы туралы хабарламаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан