- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысында 32...
Қызылорда облысында 32 жастағы әйелді көлік қағып кетті
Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды. Полицейлер жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қазан күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласы Ж.Махамбетов ауылының тұсында Самара – Шымкент автомагистральды тас жолында белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні SCANIA жүк автокөлігі қаққан. Салдарынан 32 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қызылорда облысының полицейлері жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жолда барынша сақ болуды ескертеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан