Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Мұрат Ергешбаев туралы не белгілі?
Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін бітірген.
- Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданында Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастап, Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы қызметін атқарған.
- Сондай-ақ, облыста банк саласында түрлі басшылық қызмет атқарып, Төтенше жағдайлар министрлігі "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамының вице-президенті болған.
- 2008-2017 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы басқармасының бастығы, Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі, Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.
- 2017 жылғы қазаннан бастап Қазалы ауданының әкімі болды.
- 2021 жылы Сырдария ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
- 2023 жылғы наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Еске салайық, бұған дейін облысы әкімі қызметін атқарған Нұрлыбек Нәлібаев жуырда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз