- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылорда облысы Шиелі...
Қызылорда облысы Шиелі ауданында Амал мерекесі атап өтілді
Бүгін Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің ауласында халқымыз ертеден "Ұлыс" күні деп атап, жыл басы санаған "Амал" мерекесіне орай аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен мерекелік шара өтті.
Шара барысында жиылғандар алдымен бір-бірімен төс қағыстырып көріссе, кейіннен мәдениет үйінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Мұнан соң, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға сәйкес, өнерпаздар ән орындап, мерекелік құттықтау сөз аудан әкімі Нұржан Сәбитұлына және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Әзімханұлына берілді.
Аудан басшысы барша халықты "Амал" мерекесімен құттықтап, Рамазан айымен тұспа-тұс келген мейрамда өкпе-ренішті ұмытып, ізгі амалдар жасауға шақырды. Ал Өркен ақсақал ақ батасын берді.
Мұнан соң, концерттік қойылымдар жалғасын тауып, алдымен ақындар айтысы, содан соң қазақша күрес, қол күресі, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған материал
Massaget