Құрбан айт мерекесінде Қызылорда мешіттерінде киіз үйлер тігіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің бас имамы Болатбек Әбуовтің айтуынша, онда салт-дәстүр көрініс тапқан думанды шаралар, ұлттық ойындар, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.
"Өңірде айт намазы таңғы сағат 6-да оқылады. Дәстүр бойынша Қызылорда қаласындағы діни рәсімдер мешіттерде емес, арнайы жасақталған қасапханаларда жүзеге асырылады. Құрбандық етін мешіт еріктілері тізімдегі мұқтаж отбасыларға үлестіріп береді. Аудан орталықтарында да мал сою орындары дайындалып жатыр", - деді ол.
Еске салайық, биыл күллі мұсылман баласына ортақ мереке 28-30 маусым аралығында өтеді.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!