Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
28 тамыз күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда - Павлодар А17 тас жолының 120-шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!