Қызылорда және Түркістан облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Ал Түркістанда шығыстан жел соғады, күндіз күші - 15-20 м/с.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!