Қызыл түсті киім қатерлі ісікті емдеуге көмектесетіні рас па?

Қызыл түсті киім қатерлі ісікті емдеуге көмектесетіні рас па?
Фото: sunmag.me

Әлеуметтік желілерде қызыл киім киіп, қызыл төсек-орын жабдықтарын пайдалану арқылы қатерлі ісіктен толық айығуға болатыны туралы хабарлама тарады. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода бұрын киім түсімен ауруларды емдеу құпия болмаған, ол туралы бәрі білген делінген. Мысалы, онкология ауруларын қызыл түспен, бүйрек және несеп жүйесі ауруларын сары, бауыр көк киімдермен емделген, ал қара түс денсаулыққа теріс әсер етеді деп саналған.

@8bechemiron8

♬ оригинальный звук - ✨Юля ?

Мұндай емдеу әдісі болғанына жазбаша дәлелдер жоқ. Ежелгі заманда осылай емделгендер болса да, оның тиімді болғаны күмәнді.

Киім түсінің адамның ішкі ағзаларының ауруларына әсеріне қатысты ғылыми дәлелдер жоқ.

Түстер кейбір психологиялық жағдайларды түзету үшін қолданылуы мүмкін. Бұл тәсіл "түс терапиясы" деп аталады. Жекелеген ғылыми зерттеулер түстердің мида әртүрлі электрлік импульс тудыратынын көрсетеді.

Түстер терапиясы шаршаған адамның көңілін көтеруге, тіпті ұйқысыздыққа душар болғандарға ұйықтауға көмектеседі. Алайда түстер терапиясының пайдасы мен тиімділігі туралы нақты ғылыми тұжырымдар жоқ.

Қатерлі ісікке келетін болсақ, ғылыми әдебиеттерде ісіктерді емдеу үшін қызыл жарық қолданылатын әдістер бар. Алайда бұл жай киім киюге қарағанда әлдеқайда күрделі.

Бұл емдеу әдісі фотодинамикалық терапия деп аталады. Оның барысында ісік тіндеріне жарық сіңіретін препараттар немесе фотосенсибилизаторлар егіледі, кейін оларды қызыл немесе инфрақызыл сәулемен сәулелендіреді.

Бірінші буындағы Photofrin фотосенсибилизаторы 1993 жылы қолдануға мақұлданды, бірақ оның тиімділігі төмен болды. Қазіргі заманғы препараттар тиімдірек. Кейбір ғалымдардың айтуынша, болашақта фотодинамикалық терапия онкологиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерінің біріне айналуы мүмкін. 

Белгілі бір түсті киім кию физикалық денсаулыққа ешқандай әсер етпейтінін көрсетеді. Бұған ғылыми негіз жоқ. Онкологиялық ауруларды халықтық әдістермен емдеу қауіпті болуы мүмкін, өйткені пациент операция немесе дәрі-дәрмекпен емдеуге болатын уақытты өткізіп алуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек