Қызыл шараптың адам ағзасына жұрт білмейтін пайдасы бары айтылды

Генетик және тамақтану бойынша сарапшы Тим Спектор қызыл шарап холестеринді, қан қысымын және қант диабеті қаупін төмендететінін айтты. Ол танымал алкогольдік сусынның бұл күтпеген пайдалы қасиетін зерттеу барысында тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Surrey Live сайтына сілтеме жасап. 

Спектор мен ғалымдар тобы бес мың адамның деректерін талдап, қызыл шарап ішетіндердің ішімдік ішуден бас тартқан немесе басқа алкогольдік сусындарды ішетіндерге қарағанда ішек микробиомалары сау және әртүрлі екенін анықтады.

"Ішек микрофлорасының әртүрлілігі қалыпты метаболизмді, күшті иммунитетті және жақсы асқорытуды сақтау үшін өте маңызды", - деп түсіндірді генетик.

Спектордың пікірінше, қызыл шараптың пайдалы қасиеттері оны өндіру әдісіне (ашыту) және жүзім қабығында полифенолдың көп мөлшерін қамтитындығына байланысты. Оның құрамындағы антиоксидант асқазан-ішек жолдары мен ішек микробиотасының жағдайын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар дененің қорғаныш қасиеттерін арттырады.

Ғалым аурудың алдын алу үшін тамақпен бірге бір стақан шарап ішуді ұсынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!