Қызыл кітапқа енген қар барыстары бірден екі ұлттық паркте видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видео ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасында жарияланған.
Ведомство мәліметінше, жануар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақта мекендейді. Бұл жолы олар Алтын-Емел (бірінші видео) және Сайрам-Өгем (екінші видео) ұлттық парктерінде орнатылған камераларға түсірілген.
"Бұл жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы 12 елде мекендейді. Олар сирек кездеседі немесе құрып кету қаупі төнген.
Қазір елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар", - делінген хабарламада.