Қызыл кітапқа енген аю су ішіп жатқанда фототұзаққа түсіп қалған

Фото: видеодан кадр

Қызыл кітапқа енген аю су ішіп жатқанда фототұзаққа түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алтын-Емел ұлттық табиғи саябағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды.

Аюдың видеосын ұлттық парк Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған.

"2023 жылы "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында суды үнемдеу және жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3,0 тонналық ыдыс орнатылған болатын. МҰТП-ң ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімінің қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары барысында орнатылған фототұзаққа осы суатқа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы келіп су ішкен сәт видеоға түсіп қалған", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова