- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызыл-жасылға" жұмсалып жатқаны...
"Қызыл-жасылға" жұмсалып жатқаны қорқытады". Айгүл Иманбаева жастарға неге ашынғанын айтты
Фото:
Әлеуметтік желі
Танымал әнші Айгүл Иманбаева жастарға неге ашынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Біздің мемлекетте қарның ашып қалатыны бізде материалдық құндылық ең бірінші орында тұрады. Адамдар, әсіресе жастар, киіп-ішкенің, уақытша дүниеге, нәрсеге алданып жатыр. Бәрі блогер, бәрі TikTok-та. Бәрінен де ол дүниенің өтіп кететіні қорқынышты, жаман. Энергияңді үнемдеп, білімге, ғылымға беретін жасыңда "қызыл-жасылға" жұмсалып кетіп жатқаны қорқытады әрі ойландырады", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек