Қызыл және көк антифризді араластыруға бола ма? Автоэксперт жауабы

Антифризді өндірушілер түсін сан алуан қылып шығарады. Кейде жүргізушілер қызыл антифриз құйып жүріп, үстіне көк түсті антифризді қосуға қорқақтайды. Десе де, автоэксперт мәселенің сұйықтық түсінде емес, басқада жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

Антифриздер неліктен әртүрлі?

© Фото:depositphotos.com

Автосарапшы Валерий Сафоновтың айтуынша, барлық антифриздер бір негізгі компоненттен жасалады - ол моноэтиленгликол. Бұл қоспа сұйықтықтың төмен температурада қатып қалмауын қамтамасыз етеді. Дегенмен сұйықтықтар ішіндегі қосымша қоспалар болуы мүмкін. Оларды әртүрлі ететін де осы. Өйткені бұл қоспалар көліктің және сол көлік жүретін аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып қосылады. Олар детальдардың тозуы мен коррозияны азайтады.

Мысалы:

  • АҚШ-та фосфат қоспалары бар антифриздер кеңінен қолданылады;
  • Еуропада олар фосфаттары жоқ сұйықтықтарды құяды;
  • Жапонияда фосфаттар мен карбон қышқылдарын біріктіретін гибридті формулалар танымал.

"Айырмашылықтар тек химиялық құрамға ғана емес, сонымен қатар қозғалтқыштар мен радиаторларда қолданылатын металл, резеңке және пластик сияқты материалдармен өзара әрекеттесуіне де қатысты", - дейді сарапшы.

Қызыл антифриз бен көк антифризді араластыруға бола ма?

Антифриздің түсі сұйықтықтың құрамы мен қасиеттеріне мүлде қатысы жоқ. Ол қосымша бояғыш болып табылады.

"Екі түрлі компанияда шыққан, бірақ түстері бірдей антифриздің қоспалары әртүрлі болуы мүмкін. Егер олардың ішінде химиялық реакцияларды тудыратын элементтер болса, антифриз дұрыс жүрмей, маторыңыз жабысып қалуы мүмкін", - дейді сарапшы.

Неліктен араластыру қауіпті?

© Фото:depositphotos.com

Сарапшының пікірінше, антифризді бақылаусыз араластыру келесі мәселелерге әкелуі мүмкін:

  • салқындату жүйесінің коррозиясы. Бұл арналарды, радиаторларды зақымдауы мүмкін, тіпті жану камерасына антифриздің ағып кетуіне әкелуі мүмкін;
  • шлангілер мен тығыздағыштарды бұзу. Материалдар жұмсарып, ағып кетуі мүмкін;
  • шөгінділердің түзілуі. Шлам жылу беруді, қозғалтқыштың қызып кетуін және пеш радиаторының бітелуін нашарлатады;

Арзан антифриз аламын деп қымбат ТЖО-ға түсіп қалмаңыз.

Антифриз деңгейі төмендесе не істеу керек?

Егер сұйықтық деңгейінің төмендеуі шамалы болса (0,5 литрге дейін), уақытша тазартылған суды қосуға болады. Бірақ егер жетіспеушілік литрден асса, сарапшы диагностикаға баруға және қажет болған жағдайда антифризді толығымен ауыстыруға кеңес береді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!