- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызықты статистика: Жиі...
Қызықты статистика: Жиі қолданылатын эмоджиден ұлт менталитеті байқалады
Фото:
vk.com
Facebook компаниясы ең жиі қолданылатын эмоджилар рейтингін жасады. Бірінші орында "көзінен жас шыққанша күлу" (LOL), екінші орында "екі көздің орнында жүрек" ("ғашық"), үшінші орында "сүйіс" ("алыстан отырып сүю").
Сондай-ақ, Марк Цукерберг қай елде қандай эмоджи жиі қолданылатынын анықтап, қызықты статистика ұсынды. Соның нәтижесі бойынша, Британияда "көзінен жас шыққанша күлу" (LOL) смайлы, Францияда "көз қысу", Испания мен Италияда "сүйіс" ("алыстан отырып сүю"), АҚШ пен Индонезияда LOL, Мексика мен Бразилияда "ғашық", Германияда "бақытты", ал Тайландта "өте бақытты" эмоджилары жиі қолданылатын болып шықты.
Әр күн сайын Facebook қолданушылары бір-біріне 60 млн-нан астам эмоджи, 5 млрд-тан астам смайл жібереді екен.
А. Оралқызы