"Қызығы алысқа бармайды". Актер Асылхан Төлепов TikTok-тағы тікелей эфир туралы

ІІІ дүркін өнер барысы, театр актері Асылхан Төлепов "Түнгі студия" бағдарламасында TikTok желісіндегі тікелей эфир туралы айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің айтуынша, тікелей эфирді ағасы Артур Төлепов үйреткен екен.

"Қазір көп болды кірмей кеткеніме, Артур үйретті. "Эфир осындай, халыққа жақын боласың" деп тікелей эфирді көрсетті. Мен бірінші театрды көрсететінмін, бірақ ешкім кірмейді, қызық емес. Қазір уақыт өткізу үшін кіремін. Театрдан түнгі 3-4 те шықсам, тікелей эфирде Артур отырады, соны қолдап кіремін. Қызық болғанымен, қызығы алысқа бармайды екен. Бірақ маған келген сыйлықтарды санамаппын", - дейді Асылхан Төлепов.

Актер TikTok-та тікелей эфирде отыру үлкен сабырды талап ететін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!