"Қызы ұзатылып жатқанда Аека Поштың құдалығында жүр". Абай Бегей сынға қалды

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы ұзатылып жатқанда басқа біреудің құдалығында жүргені желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында қазақстандық әнші Абай Бегейдің қызын алып қашып кетіп, әнші қызына ақ батасын берген болатын. Алайда желіде әншінің бұл некеге аса жақсы қарай қоймағаны туралы айтылып жатыр. Қызының ұзатуында әкесін іздеген желі қолданушылары түрлі пікірде. 

Оқырмандардың бір тобы "Қызы ұзатылып жатқанда блогер Аека Поштың құдалығында ән айтып жүргені несі?" деп жазса, енді бірі "Басында алып қашып кетті ғой, батыста әкесі мұндай кезде тойға қатыспайды" деп жазған. "Алдын ала құдалыққа тапсырыс алып қойған ғой" деген пікір иелері де бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!