Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А.Ізбасар туралы ақпарат тараған.
Ведомство мәліметінше, Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді. Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
А.Ізбасарды Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!