Кейде жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп, қызметкер жұмыстан шығуға шешім қабылдайды. Бірақ заңға сәйкес қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткісі келсе, бұл туралы жұмыс берушіге белгілі бір уақыт бұрын ескертуі тиіс. Белгіленген айлық мерзімде жұмыс істемей-ақ ұжымнан шығуға бола ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
ҚР Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес, қызметкер жұмыстан кету туралы шешімін жұмыс берушіге кемінде 1 ай бұрын хабарлауы керек. Заңда бұл мерзім жұмыс берушінің мүддесі үшін бекітілген, бұл уақытта мекеме бастығы жұмыс процесін үзбеу үшін қызметкердің орнына басқа адам табуы керек.
Сонымен қатар, заңға сәйкес, қызметкер еңбек шартын мерзімінен бұрын өз еркімен бұзуға құқылы. Еңбек шартын бір айдан ерте уақытта бұзудың 2 жолы бар:
Барлық басқа жағдайда қызметкер 1 ай ішінде еңбек шартын орындап, еңбек функцияларын атқаруға тура келеді.
Егер жұмысты жалғастыру объективті түрде мүмкін болмаса, онда қызметкер өз еркімен жұмыстан шығаруды емес, тараптың еркіне тәуелсіз мәнжай бойынша еңбек шартын бұзуды талап етуі керек. Бұл Еңбек кодексінің 57-бабында көзделген(рұқсатты кері қайтарып алу, үкімнің күшіне енуі, әскери қызметке немесе Құқық қорғау органдарында қызметке кіру).
Жұмыс беруші еңбек шартын ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзғысы келмесе
Кейде қызметкер шартты мерзімінен бұрын бұзуға үміттеніп, жаңа жұмыс орнына шығуға дайындалып жүргенде, бұрынғы жұмыс беруші еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғысы келмейді. Бұл оның міндеті емес, құқығы. Қызметкер бұған жұмыс берушіні мәжбүрлей алмайды.
Айта кетейік, бұған дейін адамдардың жұмыстан шығуының 7 себебі хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қонаққа барған кездегі әдеп ережелері қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!