Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Бауыржан Қонысбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бауыржан Тансықбайұлы Қонысбеков Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы болып қызмет еткен. Қоштасу рәсіміне марқұмның туған-туыстары, әріптестері, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жерлестері қатысты.
Рәсім барысында Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің марқұмның отбасы мен жақындарына жолдаған көңіл айту хаты оқылды. Министр өз хатында Бауыржан Қонысбековтің қызметтік міндетін атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен антына адалдығын атап өткен.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі тарапынан оның отбасына жан-жақты қолдау мен қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.
Қоштасу рәсіміне Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев, полиция қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және марқұмның жақындары қатысты.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!