АҚШ-та Apple интернат-дүкені жаңа iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарының Rose Gold моделі алдын ала тапсырыс беру басталғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде таусылып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MacRumors порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, жаңа смартфондардың "қызғылт моделі" Apple техникаларын сүйетіндер үшін аса танымал болған және алдын ала тапсырыс беруде бірінші партиясын сатып алуға бірнеше сағат қажет болыпты. Қазіргі уақытта ресми интернет-дүкенде жаңа модельдерді енді 2-3 аптадан кейін, қыркүйек айының соңында сатып алуға болатыны жазылған. Осылайша АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және Германияның тұрғындары Apple өніміне қол жеткізе алмай отыр.
Еске салайық, Apple АҚШ-та iPhone 6S пен iPhone 6S Plus, IPad Pro және дауыспен басқаруға болатын Apple TV жаңалықтарын таныстырды. Смартфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатыла бастайды, ал жыл соңына дейін iPhone 6S 130 елде сатылады. Ал жаңа iOS 9 операциялық жүйесі 16 қыркүйектен бастап іске қосылады. IPad Pro планшеті сатылымға қараша айында шығады, оның бағасы - 799 АҚШ доллары. Ал стилустың бағасы — $99, пернетақтаның бағасы 169 АҚШ долларына тең.