- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызғылт маникюр". Футболшы...
"Қызғылт маникюр". Футболшы тырнағы үшін клубтан қуылды
"Иркутск" футбол клубы қақпашы Никита Лобусовты командадан қуды. Бұған себеп - футболшының қызғылт түсті маникюрі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі команданың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Бірнеше күннен бері Иркутск тұрғындары бұл жағдайды талқылап жатыр. Қақпашы Никита Лобусов жаттығулар мен матчтардан шеттетілді. Бұған ойыншының тырнақтарын қызғылт түске бояғаны себеп болды.
Иә, клуб басшылығы ойыншыға ультиматум қойды.Никита Лобусов ойнаған және жаттыққан кәсіби команданың ойыншыларды тәрбиелеуде өзіндік қағидасы бар. Бізде 300-ге жуық бала жаттығады. Ал ересек футболшылар оларға ойынымен ғана емес, стадионнан тыс жүріс-тұрыстарымен де үлгі болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, клуб спортшыға биылғы маусымда өзін көрсетуге бірнеше мүмкіндік берілгенін айтты.
"Футбол арқылы біз ұлдарды ер-азамат етіп тәрбиелейміз. Жаттықтырушылар еңбексүйгіштік, өз сөзі мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білу сияқты маңызды қасиеттерді үйретеді. Бұл - қоғамда көп адамға жетіспейтін нәрсе.
Ойыншылар, ең алдымен, өз ойын қалай жеткізуді емес, командаға қалай жеңіс әкелетінін ойлауы керек. Спортшы ерекше көрінгісі келсе, оның шегі бар.
Биылғы маусымда Никитаға өзін көрсетуге бірнеше мүмкіндік берілді. Ол бірнеше матчке қатысты. Алайда негізгі құрамдағы орын үшін бәсекеде жеңіске жете алмады.
Никитаға футболда өзінің жақсы қырларын көрсетіп, жаңа клуб табуын тілейміз!", - делінген клуб хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек