“Қызғаныштан қатарласын соққыға жыққан“: Жаңаөзенде лицей оқушылары тергеуге ілікті

Маңғыстау облысында қатарласын соққыға жыққан "Білім-инновация" лицейінің оқушылары анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қаралатыны айтылды.

"Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына материалдар дайындалып жатыр. Барлық кінәлі профилактикалық есепке алынады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде оқушылар шетелдік ЖОО-ға грантқа түскен қатарласын соққыға жыққаны хабарланды.

Оқиға 16 сәуірде кешқұрым зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған. Жергілікті басылым дерегіне сүйенсек, шабуылды лицей президенті бастаған бір топ жасөспірім жасаған. Көмекке жүгіріп шыққан жасөспірімнің әкесі де жарақат алып, аяғы сынған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!