- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызғаныш себеп болған"....
"Қызғаныш себеп болған". Шымкентте сот үкімі шыққан тұрғын келесі күні адам өлтірген
Шымкентте сот үкімі шыққан тұрғын келесі күні қайтадан қылмыс жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында С.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталған. С. есімді тұрғын Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғуы) айыпталған.
Сотта С. 2023 жылғы 11 қыркүйекте бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, 2023 жылғы 12 қыркүйекте қызғаныштан туындаған себептен жәбірленуші Н.-ны бас тұсынан бірнеше соққылар жасап, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өліміне әкеп соққаны анықталды.
Сотталушының кінәсі дәлелденеді. Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Прокурор С.-ға ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен, 58-бабының 6-бабымен түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі С.-ға ҚК-дегі ең ауыр жазаны тағайындауды сұрады.
С. және оның қорғаушылар сотталушының адам өлтіруге ниеті болмағанын, өзін-өзі қорғау мақсатында қылмыстың абайсызда жасалғанын уәждеп, неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды сұраған.
Сот, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән жайлардың анықталмағанын, сотталушының қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын ауырлататын мән-жәй ретінде танығанын, сотталушының істеген іс-әрекетінің ауырлығын сезінбегенін, өкініш білдірмегенін, бұрын бір рет осы тектес ауыр санаттағы қылмысты жасағаны үшін бір күн алдын сотталып және одан оң нәтиже шығармастан қайталап қасақана ауыр санаттағы қылмыс жасағанын, сондай-ақ жәбірленушінің қатаң жаза тағайындау туралы пікірін ескерді.
Сот С.-ны қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғуы бойынша кінәлі деп танып, 58-бабының 6-бабының талаптарын қолданып, түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина