Қызғану дұрыс па, бұрыс па? Психолог Петр Галигабаров "Доктор Питер" сайтына қызғаныш пен абьюздің байланысын және ол қай кезде қауіпті екенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сүйіктіңіз сіздің көзіңізге шөп салып жүр ме екен деп ойлап, оны аңдығыңыз келсе не істеу керек? Қызғану дұрыс нәрсе ме? Сүйіктіңіз сізді қатты қызғана бастаса не істеу керек? Бұл сұрақтардың жауабын психолог Петр Галигабаров айтып берді. Оның сөзінше, қызғану тек жануарларға емес, адамдарға да тән эволюциялық күй. Мысалы Моррис, Дое 2008 жылы мақалаларының бірінде қызғаншақ жануарлардың рейтингін жасаған. Бірінші орында иттер болып шықты. Одан кейінгі орында жылқы болса, үшінші орында - мысық.
Қорқыныш, ашу, қуаныш пен махаббат - қызғаншақ адамда кездесетін белгілер. Ал кейбір адамдар сүйіктісі көзіне шөп салып жүр деген оймен ашуға қатты беріліп кетуі мүмкін. Проблема қызғаныш эмоциясы қарым-қатынаста дискомфорт тудырса басталады. Түрлі зерттеу авторлары қызғану мен қызғану кезіндегі әрекетті екі бөлек қарастырады.
Мысалы, бір әйел сүйіктісі кімге хат жазып отырғанын аңдымақ болған. Осылайша, қандай да бір күдік ұяласа жанжал шығара бастаған. Бұл қызғану кезіндегі әрекет болып саналады.
Қатал ойлайтын және өзін қатал ұстайтын ер адам сүйіктісінің өмірін толық бақылауға құқылы деп ойлайды. Одан бөлек, сүйіктісінің өзін ұстауын бақылайды. Бірақ мұндай ер адамдар қызғаншақ болғанымен, өзі оңды-солды сүйіктісінің көзіне шөп салуы мүмкін.
Сонымен қатар, абьюзер ер адам қызғаншақ болғанымен қоймай, сүйіктісі басқа адаммен сөйлесіп кетеді деген оймен қоқан-лоқы көрсетіп, физикалық қысым жасап, ауыр сөздер айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!