- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызғанатын, түсінбейтін". Мәдина...
"Қызғанатын, түсінбейтін". Мәдина Оспан күйеуінің өнерге деген көзқарасы туралы айтты
Танымал актриса Мадина Оспан "OZMZ ғой" бағдарламасына берген сұхбатында күйеуінің өнеріне көзқарасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, бастапқыда күйеуі қызғанған, ал қазір керісінше қолдау білдіреді.
"Күйеуім қуанады, қолдайды. Екеуіміз 2015 жылы кездесе бастадық. Басында түсініспеушіліктер болды. Жасырын емес. Қызғанатын, түсінбейтін. Кейін толықметражды фильмге түстім. Мықты, Танымал актерлердің арасында рөл ойнадым. Сол кино үлкен экранға шықты. Ол кезде әлі жігітім. Оған ұнады. Кейін "Маған экранда ұнап қалдың. Киноға түс. Сенімен мақтанамын" деді. Біреулер келіп суретке түссе, мақтанып қалады. Экраннан көрген сайын қуанып отырады. Міндетті түрде сценариймен ақылдасамын. Ол - бөтен адам емес. Жанашыр, айтып отырады. Қуанамын", - деді Мадина Оспан.
Актрисаның айтуынша, ата-енесі керісінше оның өнер жолында болғанын қолдайды.
Ата-енем қолдап, қуанып жүреді. Енем көп ролді мен ойнағанымды қалайды. "Қайын атам "бәріміз жарқырап, әдемі болып жүріңдер" дейді. Оның стилі де керемет", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек