- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызға тиіспе": Астана...
"Қызға тиіспе": Астана полициясы Желіде тараған видеодан кейін іс қозғады
Әлеуметтік желіде жігіттің қызды ұрғаны айтылған видео пайда болды. Оның куәгер түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда Астана тұрғыны жылап отырған қызды өзімен бірге кетуге көндірмек болғаны көрсетілген. Бірнеше сәтсіз әрекеттерден кейін ол куәгерлерден видеоға түсіруді тоқтатуды сұрайды. Видеода ұрып-соғу сәті жоқ, бірақ әйелдердің айтуынша, камераны байқаған жігіт тынышталып қалған.
"Бүгін жігіттің қызды ұрып жатқанына куә болдық. Айғайды естідік, оқиғаны түсіре бастағанда жігіт бірден тынышталып қалды, қорқып кетті", - деп жазады видео авторы.
Бейнежазба авторы құқық қорғау органдарына хабарласқанын, бірақ қараусыз қалғанын алға тартады.
Бұл ретте полицейлер дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді Астана ПД өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан