- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыздың миынан алып...
Қыздың миынан алып құрт шықты: дәрігерлер науқастың жағдайын айтты
Семейлік дәрігерлер миынан алып құрт алынған науқастың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Науқас хирургиялық процестерден кейін оянды. Қазір есін біледі, ақырындап сөйлей алады. Аяқ-қолын қозғалтады, өзі тамақ ішеді. Анасын, туыстарын біледі. Науқас қарқынды терапияны жоспарлы түрде алып жатыр, оның ішіне қажет нәрсенің бәрі кіреді", - дейді Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирург дәрігері Төлеуғали Қойшыбаев.
Еске салайық, кеше, 18 қаңтарда еліміздің дәрігерлері қыздың басынан алып эхинококк алғаны хабарланған болатын.
Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.
@massaget.kz #рек #эхинокок #семей #құрт ♬ original sound - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина