Ташкентте қыздың артынан лифтіге кіріп, ішкиімін шешіп тастап, ерсі әрекеттер жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Қыздың сөзінше, таныс емес ер адаммен бірге жоғары қабатқа көтерілу үшін лифт күткен.
"24 маусымда сағат 23.00-де үйге қайттым. Таныс емес бір жігітпен лифт күттім. Кірдік, ол бірден жетінші қабатқа басты, мен бесінші қабатқа баруым керек еді, басып үлгермедім. Бірнеше секундтан кейін шалбары мен ішкиімін шешіп, өз-өзін қанағаттандыра бастағанын көрдім. Абдырап қалдым, содан кейін оны видеоға түсіре бастадым. Видеоның басында оның шалбарын көтергенін көруге болады. Оны жетінші қабаттан шығарып, жаяу төмен түсірдім", - деді қыз.
Оның айтуынша, көршілерінің ешқайсы есік ашып, оған көмектеспеген. Қыз тіпті ер адамды тізесінен және бетінен бірнеше рет ұруға мәжбүр болған, өйткені ол қашып кете жаздаған.
"Бірінші қабатта көршілерім отырды. Соларға бердім. 15-20 адам оны ұстап, жауап алды. Ол ештеңе жасамағанын айтты. Сот оған 10 күн берді, бірақ мен оны екі бап бойынша айыптадым, бірақ судья өз-өзін қанағаттандыру ұсақ бұзақылық түріне жатады деп шешті", - деді қыз.
Ол бұл оқиға Сергелия ауданында болғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!