- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызды үйінен әкетіп,...
Қызды үйінен әкетіп, туыстарынан ақша бопсалаған өзбекстандық әйел Астанада ұсталды
Астаналық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында кең ауқымды "Іздестіру" операциясын өткізді. Іс-шараның бірінші күні Астана аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылды.
Мысалы, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Самарқан қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген.
Сонымен қатар мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық әйел анықталды. Ол құда түсіп, 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен. Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан